Әр түрлі

Солтүстікқазақстандықтар Елбасымыздың “Әлем. 21-ші ғасыр” манифесін қолдауда

Ақатжан Арықов – СҚО «Чернобыль» Одағы» ҚБ төрағасының орынбасары:

-Мен ол кезде 33 жаста едім. Ол жаққа негізі құрылысшыларды жіберді. Мен Петропавл-тресте қызмет еткенмін.

Апат салдарынан ер азаматтың денсаулығы жылдар өтіп нашарлаған. Тістері түсіп, 4 рет қан ауыстыруға мәжбүр болыпты. Енді Ақатжан аға мұндай қайғылы жағдай әлемде орын алмаса деп тілейді. Сол себепті, ол биыл Елбасымыздың АҚШ-ның астанасы Вашингтон қаласында күллі ғаламаға таныстырған «Әлем. 21 ғасыр» атты
манифесін қолдауда.

Ақатжан Арықов – СҚО «Чернобыль» Одағы» ҚБ төрағасының орынбасары:

-Елбасының манифесін мен қолдаймын. 91-ші жылы Семей полигонын жапқаны да өте дұрыс шешім болды. Бұл көрінбейтін қаруды қолдануға болмайды.

Облыстық «Чернобыль» Одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Ақатжан Арықовтың пікірімен 3 баланың анасы Гүлбақша Мұсабаева да келісіп отыр. Өйткені, бұл құжат – біздің балаларымыздың болашағының кепілі дейді ол.

Гүлбақша Мұсабаева – СҚО ҚХА «Urpag» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:

-Мен ана ретінде Елбасының бұл құжатын толығымен қолдаймын. Өйткені, ешбір ана баласын соғыс алаңына жібергісі келмейді. Олар бейбіт заманда өмір сүрулері керек. Бұл құжат біздің балаларымыздың болашағының кепілі болмақ.

Еске сала кетейік, Н.Назарбаевтің манифесі ағымдағы жылдың 31-ші наурызында жария етілген болатын.

 

Айгерим Ержанова