Құқық қорғау органдары

Жыл басынан СҚО-да 11 адам суға кеткен

Екатерина Свяженина – қала тұрғыны:

-Әрине, судағы қауіпсіздік ережелерін ұстанамыз. Арнайы рұқсат етілген жерлерде ғана шомыламыз.

Қазір Есіл өзені мен Пестрое көлі маңында құтқарушылар таңғы 10 мен 11-ден кешкі сағат 9-ға дейін кезекшілік атқарады.

Диас Әубәкіров – СҚО ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі бас маманының міндетін атқарушы:

-Біз тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күнделікті жүргізіп тұрамыз. Адамдар рұқсат етілген жерлерде ғана шомылулары керек. Белгіленбеген жерге суға түсу өте қауіпті.

Жалпы жыл басынан облыс аумағында 11 адам су құрбаны болған, оның 5-еуі – бала.

 

Тогжан Акмагамбетова