Мәдениет

СҚО-да “Бала дауысы” байқауының аймақтың кезеңі өтті

Айқын Төлепберген, әнші:

-Бапланың бойында таланты болуы шарт. Билеп, қысылмай тұруы керек сахнада. Ширақ әрі дауысы жақсы болса дейміз.

Әне-міне дегенше, таланттар бәйгесі басталды. Үміткерлер тыңдау залына біртіндеп кіріп өнерлерін көрсетуде. 12 жастағы Нұрай Әзімтай қызылар алқасының назарын бірден аударды. Тіпті, музыкалық продюсер онымен қосылып шырқады.

Джаз дауысты бала-әнші көбіне көңілді, жоғары дауыста шырқалатын әндерді ұнатады. Бүгін де батыл қадам жасап, күрделі әндерді таңдаған. Айту керек, жасөспірім музыка мектебінде арнайы білім алады.

Нұрай Әзімтай, байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:

-Тек жеңіске жеткім келеді. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік.

Аққайың ауданының Аралағаш ауылынан келген Аружан ешқандай музыкалық білім алмаған. Бірақ, кішкентай күнінен ән айтады. Ол бірнеше минуттардан кейін қазылар алқасы отырған залға өтеді. Әнші қыз бойын қобалжу билеп тұрғанын жасырмады.

Аружан Тұрсынбекова, байқауға қатысушы, Аққайың ауданы:

-Қобалжу бар. Қазір екі ән айтамын. Ұнайды деп ойлаймын.

Ол сахнаға шыққан бойда барлық қобалжу сезімдерін ұмытты. Ресейлік әнші Аёваның “Улыбайся” әнін бар дауысымен шырқап, қазылар алқасын тәнті етті.

Жасыратыны жоқ, байқауға бағын сынамақ ниетте келгендердің дені ешқандай музыкалық мектепке бармайды, арнайы тәлімгермен дайындалмаған. Десе де, бірінен-бірі қалып жатқан жоқ. Тек, бір ғана жеңімпаз анықталады. Жолы болған үміткер Алматы қаласында арнайы 2 апталық вокалдық курста тегін оқиды. Кейін, республикалық кезеңде жеке және танымал жұлдызбен дуэт болып ән шырқайды. Жеңімпаздың әніне бейнеклип түсіріледі. Петропавл – аймақтық кастинг өтіп отырған 10-шы қала. 14 облыс пен 2 қаладан іріктелген үздік 16 жеңімпаз өнер көрсететін республикалық ақтық кезең қашан өтетіні әлі белгіленбепті.

Акбопе Танирберген