Құқық қорғау органдары

Петропавлда жергілікті полиция қызметінің үздік мамандары марапатталды

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-Қоғамдық тыныштықты мықтап күзету үшін Жергілікті полиция қызметі Елбасы тапсырмасы бойынша құрылды. Біздің мамандар бұл міндетті абыроймен атқаруда. Статистика көрсеткендей, қоғамдық орындарда қылмыстардың саны 13,3%-ға азайды. Сондай-ақ, өңірде ұрлық, бұзақылық, бопсалау сынды заңбұзушылықтардың саны жылдан-жылға кеміп келеді.

Кейін, соңғы алты айдың қорытындысы бойынша қызметте үздік деп танылған 14 тәртіп сақшысы марапатталды. 9 полиция қызметкері алғыс хат және мақтау қағаздарымен марапатталса, 5-уіне бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Еңбегі еленгендердің қатарында Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция испекторы Жомарт Дүйсенбеков те бар.

Жомарт Дүйсенбеков – Мамлют ауданы ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

-Жұмыс істегесін марапат алғаныма қуаныштымын. Соңғы алты айдың қорытындысы бойынша қызметте үздік атандым.

Жиында сондай-ақ, Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Жақсылық Ысмақовқа “Нива” автокөлігінің кілті табысталды. Бұл азаматтың құқық қорғау саласында еңбек еткеніне 12 жыл болыпты. Қазір тәртіп сақшысы Жұмысшы кентіндегі 5-ші аймақтық полиция пунктінде жұмыс істейді.

Жақсылық Ысмақов – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы:

-Біздің жұмысымыз – әкімшілік учаскеде адамдармен жұмыс істеу. Танысу, бірін-бірін білу. Жұмысымызыды оңай деп айтуға болмайды.

Қазір облыс аумағында барлығы 204 учаскелік полиция бөлімі бар. Оның 17-сі – қалада, ал 187-і ауылды жерлерде орналасқан.

 

Култанов Байболат