Білім

Петропавлда балабақшалардың жөндеуіне жергілікті бюджеттен 7 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген

Вячеслав Иванюк – «Сантехэлектромонтаж» ЖШС қаптаушысы:

-Құрылыс саласында 83-ші жылдан бері істеп келемін. Қазір қаптаушымын. Жалпы аумағы 60 шаршы метр болатын еденге плиткалар орнатып жатырмын. Ортасына бүтінін, ал жан-жағына кесіп төсеудемін. Материалдар Ресейден әкелінген. Қазір жұмыстың 50%-ы орындалды.

Аталған жұмыстарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2 млн 81 мың теңге қаражат бөлінген.

Марина Артеменко – «Солнышко» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі:

-Бұл мекемеге соңғы жөндеу жұмыстары 2009-шы жылдары жасалған. Ол кезде ғимараттың шатыры жаңартылған еді. Енді ғимараттың едені қалыпқа келтіріліп жатыр. Қазір бұл жерде 6 адамнан тұратын бригада жұмыс жасауда.

Бұдан бөлек қазір «Солнышко» бөбекжайында терезелер де жаңасына ауыстырылуда. Мұндай жұмыстар қазір қаламыздың бірнеше бақшасында жүргізіліп жатыр.

Бейнегүл Ғабдулина – Петропавл қаласы бiлiм бөлiмiнің қаржы-экономикалық топ жетекшісі:

-Биыл барлығы 8 балабақша жөнделеді. Оның 4-не күрделі жұмыстар жүргізілмек.

Жалпы биыл Петропавл қаласы бойынша аталған балабақшалардың жөндеуден өтуі үшін жергілікті бюджеттен 7 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

 

Айгерим Ержанова