Білім

Петропавл қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Александр Казанцев – Петропавл қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

-Жауапты іске бизнес-қауымдастық өкілдерін тарту ісі сылбыр. Ақпараттандыру шаралары аз жүргізіледі. Сол себепті, осы бағытқа қарқын қосып, кәсіпкерлерді тарту жұмыстарын белсенді жүргізу керек.

Гүлмира Каримова – Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы:

-Бұл – білім бөлімінің ғана емес жалпы қоғамның проблемасы. Сондықтан, жауапты іске жеке құрылымдар да атсалысу керек деп есептеймін. Бүгінде облыстық білім басқармасы бірнеше рет кәсіпкерлерге конкурс жариялады. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бірақ, ешкім үн қатқан жоқ.

Елбасы тапсырмасы бойынша бұл мәселе жер-жерде 2018 жылға дейін түбегейлі шешімін табуы керек.
Бүгінде білім ошақтарына жеткізілетін азық-түліктер де ерекше бақылауға алынбақ.

Елена Балло – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

-Балабақша, мектеп асханаларына өнім жеткізетін кәсіпкерлермен меморандум жасалды. Соған сәйкес кәсіпкерлер азық-түліктерін тоқсан сайын зертханаға апарып, сапасын тексертіп тұруы қажет. Яғни, балалардың жейтін тағамдары қатаң қадағалауда болады. Мұндай өндірістік бақылау қаламызда осы жылдың басынан қолға алынды.

Петропавл қаласы қоғамдық кеңесінің келесі отырысы тамыз айында өтеді деп жоспарланған. Онда Кеңес мүшелері “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы төрайымының есебін тыңдайды.


Берік Қасен