Қоғам

Қаланың тазалығын сақтаған петропавлдықтарға сыйлық

Себебі, биыл қаламызға алғаш рет пластик бөтелкелер үшін жеке себеттер орнатылған болатын. Петропавлдықтардың басым бөлігі құтыларды қоқысқа салатын ортақ жәшіктерге емес, арнайы контейнерлерге салып отырған. Осылайша тұрғындар 750 текше метр куб пластик құты жиып, табиғат тазалығына өз үлестерін қосыпты. Бүгін сыйлық-билет қолына түскендердің бірі – Жанар Сайдалинова. Мерекеде үш немересін қыдыртып жүрген апа бірден әткеншектер тұрған саябаққа бет алды.

Жанар Сайдалина, қала тұрғыны:

-Бүгін немерелерімді алып серуенге шыққанмын. Осындай сыйлық ұтып алғаныма өте қуаныштымын.

 

Айсулу Сергали