-Әулиелер атындағы собор қалада 1803 жылы салынған екен. Сол уақыттан бері православ сеніміндегі жұршылық осы жерге жиылып құдайға құлшылық етеміз. Бар тілейтініміз – еліміздің тыныштығы берік болсын.
-Бүгін – православ сеніміндегілер үшін үлкен мереке. Бұл – біздің діндегі қасиетті күндердің бірі. Жиылғандар ғибадатханадағы иконалардың алдында шырақ жағып, тілектерін тілейді.
Кейін крест шеруі де басталып кетті. Жиылғандар жол жөнекей әр көшенің бойына тоқтайды. Басты мақсат – қаланы сумен аластау. Н.Погодин атындағы орыс драма театрының алдында шеруге қатысушыларды шіркеу хоры күтіп тұрды. Өткен ғасырда осы алаңда православтықтар Құдайға құлшылық ететін шіркеу болған. Сондай-ақ, бүгін христиан жамиғаты Петропавл бекінісінің іргесі қаланған жерге де соғып әулиелерге тағзым етті.
Иосиф, Қорған және Белозер митрополиті, РФ:
-Мен Петропавл қаласына алғаш рет келдім. Мұндағы басты мақсатым – солтүстікқазақстандық христиандардың бүгінгі мерекесіне ортақтасу. Тілейтінім, Жер бетінде тек бейбітшілік болсын.
Осыдан кейін лек Есіл жағасындағы крестке жол тартты. Мерекелік шара Петр мен Павел әулиелер ғибадатханасында аяқталады.
Акбопе Танирберген