Бизнес және экономика

Банкоматтар көпфункционалдық пост-терминалдарға алмастырылмақ

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

-Иә, банкоматтар азайып жатыр. Қазіргілері тозған әрі заман талабына сай емес. Оның орнына универсалдық банкоматтар іске қосылады. Көпфункционалды банкоматтарда ақша салуға, өзге мемлекеттерге ақша аударымдарын жасауға, коммуналдық төлемдер төлеп, ұялы телефондарға бірлік салуға болады. Өңірімізде бір банкоматтың қызметін 2010 адам пайдалана алады.

Өңірдің бас қаржыгері – Жомарт Қажырақымовтың айтуынша, көпфунционалдық пост-терминалдарды орнату мемлекетке ғана емес, тұрғындар үшін де тиімді болмақ. Адамдар арасында ақша ұрлау азайды. Қолма-қол есеп айырысу болмайды. Бұл жемқорлықты алдын алуға сеп. Кәсіпкерлер салықтан жалтармайтын болады.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

-Өңірімізде банкоматтар жеткілікті. Бүгінде 296 мың адамда банкомат карточкалары бар.

Қаржыгердің айтуынша, келешекте түрлі кәсіппен айналысатын азамттар өз мекемелерінде пост-терминалдар орнатуға міндеттелмек.

Берік Қасен