Қылмыс

Жыл басынан Петропавлда 20 велосипед ұрлау фактісі тіркелді

Жақында полицейлер велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Ол Мағжан Жұмабаев көшесіндегі аулалардың бірінде тұрған қос дөңгелекті көлікті мініп кете барыпты. Кейін баукеспе құны 150 мың теңге болатын велосипедті кездейсоқ адамға 10 мың теңгеге саудалап жіберген. Кінәсін бірден мойындаған күдікті бұрындары ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты.

Әділбек Жарасов – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

-Қолға түскен күдікті – 1984 жылғы азамат. Бұрын сотты болған. Қазір аталған велосипед ұрлығы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-ші бабы бойынша бойынша іс қозғалды. Енді ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Айгерим Ержанова