Спорт

Қала күніне орай “Қарасай” стадионында футболдан жолдастық кездесу өтті

Мұнымен сұрмерген тоқтап қалған жоқ. Жалпы толық матча бұрынғы “Есіл Богатырь” командасының қорғаушысы хет-трик авторы атанды. Күндізгі қапырыққа қарамастан қос команда футболшылары бар жан-тәнімен беріліп ойнады. Жолдастық кездесудің қорытындысы бойынша есеп 7 де 4. Петропавл қаласының құрамасы жеңіске жетті.

Вячеслав Колода – “Петропавл қаласы” командасының ойыншысы:

-Біздің командада жалпы барлығы да бұрынғы кәсіби футболшылар. Біреуі бірінші лигада ойнаған. Бүгін хет-трик жасаған Алексей Данаев Премьер-лигада өнер көрсеткен. Барлығы да мықты ойыншылар. Біз үлкен футболдағы мансабымызды аяқтасақ та, салауатты өмір салтын ұстанудамыз.

Ал есе жіберіп алған қонақтар еш қамыққан жоқ. Керісінше көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Дмитрий Бушманов – “Қорған қаласы” командасының ойыншысы:

-Осылай қонаққа шақырғаны үшін Петропавл жұртына алғыс айтамын. Сіздердің командаларыңыз бізге де келіп тұрады. Қарым-қатынасымыз жақсы. Менің ойымша, таблодағы есеп емес, қос қала арасындағы достық маңызды.

Алдағы уақытта жергілікті футбол ардагерлері Омбы, Түмен қалаларының командаларымен күш сынаспақ ниетте.

 

 

Риат Шони