Әр түрлі

Петропавлда иттердің көрмесі өтті

Лариса Султанова:

-1 жастан енді асты. Қазақстанның жас чемпионы да атандық. Өте адал, мейірімді, қожайынына берілген. Кішкентай болса да иесін қорғауға тырысады. Өте әдемі. Бірақ, көп күтімді қажет етеді. Тарап, сипап отыру керек.

Ал, мынау – Польская подгалянская иті. Оның отаны – Польшаның Падьгалье жері. Тауда бұл иттер бұрын ірі аңдарды аулауға көмектесіпті. Халықаралық кинология федерациясына 1973 жылдан иттің жаңа тұқымы ретінде тіркелген. Өте сирек кездеседі. Қазақстанда бұл тұқымның тек 14-і ғана бар. Оның 11-і – петропавлдық Андрей Крохинде. Ол қос итті баласына осыдан 4 жыл бұрын Ресейден сатып әкелген. Ұрғашысы осыдан бірнеше ай бұрын 9 күшікті өмірге әкеліпті. Бүгін олардың аталығы Байкал жұрттың назарын өзіне аударды.

Андрей Крохин:

-Олар қой отарын өздері баққан екен. Түрлі аңдарды аулаған. Өзі ірі, түсі тек ақ болады. Егер өзге түс байқалса ол онда таза қанды емес, шатысы бар. Біреуінің құны – 160 мың теңге. Бұрын көп қабатты үйде тұрдық. Иттер үшін арнайы жер үй салып қала шетіне көштік. Күніне 7 кг ет жейді. Көп күтімді қажет етпейді.

Көрмеде иттердің алабай, хаска, лабрадор, шпиц сынды елуден артық түрін кездестіруге болады. Оның ішінен жеңімпазды анықтау да оңайға соқпасы анық.

Ирина Подскребкина, «Барри» ит баптаушылар клубының төрайымы, Петропавл қаласы:

 

-Есіл маңы көрмесіне Ресейдің 5 қаласынан және Қазақстанның 8 қаласынан әуесқой ит өсірушілер келіп отыр. Байқауда иелерінің ит өсірудегі жетістіктеріне, ит жүнінің тазалығы, оның таралғандығына көңіл аударылады. Былай айтқанда, иттердің сұлулық байқауы деуге болады. Төрт аяқтының өзін ұстауы, адамды түсінуі мен жүріп-тұруын қараймыз. Әр тұқым бойынша үздік иттер таңдалады. Кейін кішкентай, ірі, аңшы иттердің арасынан тағы іріктелініп, жеңімпаз анықталады.

Сайысқа барлық қатысқан және жүлдеге іліккен адамның 4 аяқты достары бағалы сыйлықтармен марапатталды.