Бизнес және экономика

Өңірде қант қоры жеткілікті

Алайда, тұрақтандыру қорында қант жеткілікті екен. Сондай-ақ, «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» көктемде Алматыдан 270 тонна қантқа тапсырыс берген.

Ғамали Жұмашов – «Солтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

-Өңірімізге 68 тонна қант жеткізілді. Ол кәсіпкерліктер мен арнайы сауда орындарына жайғастырылды. Бағасы – келісіне 240 теңге. Қантты бір адамға 5 келіден саудалап жатқанымыздың себебі, бұған дейін қаптап сатып алғандар оның бағасын өсіріп қайта саудалаған. Бұл, әрине халықты әуре-сарсаңға салды. Жалпы енді баға көтерілмейді деген ойдамын.

“Қызылжар” коммуналдық базарында қалалықтар қантқа таңсәріден кезек құрған. Олар шекерді келісіне 240 теңгеден алуда. Тұрғындар бұл өзге дүкендерге қарағанда арзан дейді.

Өңірде қант тапшылығы байқалмайды. Міне, күні кеше ғана Алматыдан жүк пойызымен 68 тонна шекер келді. Дәл қазір оны көлікке тиеп Коммуналдық базардың және «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының» қоймаларына жөнелтеді. Кейін оны тұтынушыларға 240 теңгеден саудалайды.

Евгений Глотов – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

-Қант бағасының өсуі жайында мәселе бар. Бұған себеп қазір тұрғындардың тосап қайнату маусымы жүріп жатыр. Сонымен қатар, елімізде бұл тауарды өндіретін жалғыз кәсіпорын “Орталық Азиялық қант” корпарациясы өнімді сатудың бағасын 240-250 теңге шамасында ұстауда. Қазір шекердің бағасы тұрақтандыру қорының дүкендерінде – 240, ал кейбір коммерциялық дүкендерде ол 260-280 теңгеден саудалануда.

Жалпы «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның шекердің келісін 240 теңгеден саудалайтын үш нүктесі бар. Атап айтсақ, “Қызылжар” және “Солтүстік” базарлары мен “Корона” сауда үйінде.

 

 

Риат Шони