Аптадағы маңызды жаңалықтар

Халық қалаулылары мемлекеттік бағдарламаның сапалы орындалауын өз бақылауларында ұстауда

Юрий Щеголев – “СК-Максимум” ЖШС директоры:

-Қайта жаңғыртуға ел қазынасынан 850 млн теңге қаражат бөлінді. Жұмыстар үш учаскеде жүріп жатыр. Құбырдың ұзындығы 4 шақырымнан асады. Барлығы 25 бірлік техника мен 45 адам еңбек етуде. Жұмысты уақытында аяқтауды жоспарлаудамыз.

“Нұр Отан” партиясы фракциясының мүшелері “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында тындырылып жатқан істің барысымен танысты. Мына учаскеде “СК-Максимум” серіктестігінің жұмысшылары құбырларды бір-біріне жалғау үстінде. Оларды алмастыру көлденеңінен бұрғылау арқылы жүреді.

Владимир Притчин – облыстық мәслихаттың депутаты:

-Біз, депутаттар жүріп жатқан барлық жұмыстармен таныстық. Көңіліміз толды. Барлығы уақытылы басталған. Мердігер компания істі сапалы орындап жатыр. Оларға біз құбырды жауып болғаннан кейін адамдардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін бірден қиыршық тас төсеп отыруды кеңес еттік.

Жалпы “Южный” коллекторындағы құбырлардың 90 пайызының тозығы жеткен екен. Жаңғырту жұмыстары келісім шарт бойынша желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

 

Риат Шони