МТРА жаңалықтары

“Сәбилер үйі” КММ бөбектеріне базарлық

Айқын Баженов, Айқын Баженов, ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЕС – 164/3 ММ бастығының орынбасары:

-Бірінші маусым күні сыйлықтарымызды алып келген болатынбыз, жиһаздың тозғанын байқадық. Бүгін міне жаңалап әкелдік.

Қазір балалар түскі ұйқыда. Өзгелерден бұрын тұрып алған тәрбиеленушілер Алина мен Артур жаңарған дивандарына келіп отырып көруде. Оларға бәрінен бұрын диванның түсі ұнаған сияқты. Бүгінде, “Сәбилер үйіне” көмек көрсетіп, балаларды қуанышқа кенелтетін азаматтар баршылық екен.

Мәруәр Кәпенова,”Сәбилер үйі” КММ бас дәрігері:

-Демеушілеріміз баршылық. Бірі сыйлықтарын, ойыншықтарын әкелсе, енді бірі ақшалай көмек көрсетеді.

Сәбилер үйінің қабырғасында 4-жасқа дейінгі 49 бөбек өсіп келеді. Сәбилердің мұндакелу себебі де әр қилы. Мына қызыл шақа сәбидің туғанына 10 күн. Қадамын ойланбай басқан бойжеткен баладан бас тартып, бір күн бұрын осында әкеліп тапсырған. Енді Софияны асырап алуға бермекші. Ал, 9 айлық Никитаның оқиғасы мүлде басқа.

Мәруәр Кәпенова,”Сәбилер үйі” КММ бас дәрігері:

-Никитаны өмірге келген үшінші күнінде бізге әкелді. анасы маскүнемдікке салынып кеткен екен. Оның салдарынан бала сырқат.

“Сәбилер үйі” мекемесінен жыл басталғалы 6 бөбек баласы жоқ азаматардың асырап алуына өткен.

 

 

Акбопе Танирберген