МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласына 264 жыл

Әлия Бейсенова – Петропавл қаласы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы:

-Ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала көшелері безендірілуде. Негізгі шара 10 шілде күні сағат 11:00-де орталық алаңда басталады. Онда театрландырылған қойылым арқылы Петропавлдың нышандары мен түрлі ұлт-өкілдерінің дәстүрі көрсетіледі. Барлық саябақтарда түрлі шаралар өтеді.

Жексенбіде Қазақстан Конституциясы көшесінің басынан аяғына дейін түрлі шаралар мен концерттер, шоулар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бұл күні Тәуелсіздік стелласының маңында татарлар “Сабантойын” тойламақ. Ал, Қарасай стадионында әуесқой командалар арасында футболдан жарыс өтеді. Меркеде таңнан кешке дейін қалалықтар барынша көңіл көтермек.

Әлия Бейсенова – Петропавл қаласы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы:

-Сағат 13:00-де 20 шағын ауданда тарантас гонкасы өтеді. Оның маңында да өнерпаздар ән-жырдан шашу шашпақ. Тіпті кішкентай петропавлдықтар да мерекені сезінуі үшін отбасылық байқаулар мен сабын көбігі шоуы өтеді.

Кешкісін “Солтүстік жұлдызы” саябағында гала концерт пен жастарға арналған бағдарлама ұйымдастырылады. Мереке 23:00-де осы алаңда болатын от шашумен мәресіне жетпек.

 

 

Акбопе Танирберген