МТРА жаңалықтары

Өңірде «Жасыл ел» еңбек отрядының сарбаздары қызу жұмыс жасауда

Дәулет Хамитов – «Жасыл ел» еңбек отрядының мүшесі:

-Жұмысым өзіме ұнайды. Мұнда жаңа достар таптым.

Бұл жастардың жұмыс таңғы 9-да басталып, кешкі 18:00-де аяқталады.

-“Жасыл ел” еңбек отрядының жастары қызу жұмысқа кіріскенде бір-біріне қолғабыс етуді ұмытпайды. Ұлдар жағы қолдарына балта алып ағаштарды шапса, қыздар арап шөптерді бір жерге үйіп жинауда. Өйткені, әр кездеде жұмыла көтерген жүк жеңіл!

Қазір Қызылжар ауданына қарасты Куйбышев орман шаруашылығында Жасыл ел еңбек отрядының 35 сарбазы қызмет етуде. Олардың мұнда келгендеріне бір апта болған. Белсенді жастардың көмегімен орманшылардың жұмысы едәуір жеңілдепті.

Жангелді Тілеуов – Қызылжар мемлекеттік орман мекемесі директорының орынбасары:

-Жастардың келгені бізге үлкен көмек болды. Олар мында питомникте өсіп жатқан ағаштарды суарады. Орман ішін тазалайды.

Биыл “Жасыл ел” еңбек отряды теріскейлік 435 жасты өз қатарына қосқан. Оның 190-ға жуығы қазір өңіріміздегі 12 орман шаруашылығында жұмыс істеуде. Ал, қалған белсенді ұл-қыздар қазан айына дейін еңбекпен қамтылатын болады.

Асқар Баймұқанов – “Жасыл ел” облыстық штабының жетекшісі:

-Біз өз жұмысымызды мамыр айында бастадық. Алдымен жасылелдіктер қаламызды абаттандыруға көмектесті. Қазір табиғат аясында жұмыс істеудеміз. Қатарымызға 16 мен 29 жас аралығындағы белсенділерді қосамыз.

Осы жылы “Жасыл ел” еңбек отряды сарбаздарының жалақылары бес мың теңгеге өсіпті. Былтыр жастар айына 40 мың теңге алған. Ағымдағы жылы “Жасыл ел” еңбек отряды сарбаздарына республикалық бюджеттен 8, ал жергілікті қазынадан 11 миллион теңге бөлінген.

 

 

Култанов Байболат