МТРА жаңалықтары

Былтырдан бері СҚО-да 5 млрд 100 млн теңге заңдастырылды

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

-СҚО-да жария етліген ақшаның жалпы сомасы 5 млрд 100 млн теңгеден асып отыр. Банктерде 15 шот ашылған екен. Заңда енгізілген өзгерістерге байланысты соңғы 6 айдың ішінде мүлікті жария етуге қатысушылардың саны анағұрлым артты.

Тұрғындар бұрындары ақшаны 5 жыл банкте ұстап, 10 пайыз салық төлеу керек болатын. Енді бұл талаптар алынып тасталды.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

 

-10 пайыз алым алынбайтын , екінші жағдайда сіз банкке келмеуіңізге де, шот ашпайыңызға да болады. Тек ақшаны заңдастырасыз. Және салық туралы декларацияны толтырасыз. Бұл акцияға 30 банк пен “Казпошта” АҚ қатысып отыр.

Мүлікті жария ету – бұл тұрғындар үшін беріліп жатқан соңғы мүмкіндік. Қаржыгер – Жомарт Қажырақымовтың айтуынша, табысын жасырып қалғандар әкімшілік тұрмақ, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Еске салайық, аталмыш акция осы жылдың аяғына дейін жалғасады.

Берік Қасен