Қоғам

Биыл СҚО-на 80 жыл

Мағауия Алазов – СҚО Құрметті азаматы:

-Күнкөру керек болды. Анамды асырау менің мойнымда. Сол себепті 54-шы жылы тракторист пен комбайншының көмекшісі болым жұмысқа тұрдым. Басында қиын болды. 10 жылдықтан басқа білімім жоқ еді.

Мағауия науқанды дала жұмыстарының бәріне де белсенді араласты. Көктемде трактормен жер өңдеп, тұқым сепсе, күзде өзі еккен егінді орып, комбайнмен астық бастырған. Кейін жас жігіт партияға қабылданып, 70-ші жылы депутат атанған. Халық қалаулысы бола жүре Мағауия Алазұлы назарын ауал шаруашылығы саласына бөлген.
Әр жылдың әркімге әкелер өзіндік тосын сыйы мен қызық-қуанышы ерекше . Мәселен, Мағауия Алазов үшін сонау 81-ші жылдың орны бөлек. Өйткені, ол дәл сол жылы «Алтын жұлдыз» марапатына ие болып, алғаш рет бұрынғы астана -Алматы қаласына ұшқан еді.

Мағауия Алазов – СҚО Құрметті азаматы:

-Бұл фото 81-ші жылы түсірілген. Мұнда 56 батыр тұрмыз. Оның бесеуі – біздің өңірдің жігіттері. Бәріміз де Қонаевтың қолынан марапат алдық. Сол кездегі қуанышымызды жеткізу мүмкін емес енді.

Мағауия және Райхан Алазовтар облыс орталығына 2000-шы жылы көпей ұлдары Ербол мен келіндері Әлияның қолына көшіп келген. Қолы бос кезінде аталары немерелерін балабақша мен мектепке апарады екен. Қаланың күн сайын көркейіп, дамып келе жатқандығын көрген қария бала-шағасының ашық аспан астында бақытты өмір сүріп жатқандарына қуанышты.

Мағауия Алазов – СҚО Құрметті азаматы:

-Қалада 16 жыл тұрып келемін. Күннен күнге көркейіп келеді. Жағдай жасалған.

Бүгінде Мағауия ата жұбайы Райхан апа екеуі 3 қыз бен 5 ұлдан 11 немере мен 2 шөбере сүйіп отыр.

 

 

Айгерим Ержанова