Қоғам

Биыл 1270 солтүстікқазақстандық мүгедек керекті жабдықтармен қамтылмақ

Лариса Григорьева – қала тұрғыны:

-2011 жылдан мен біреудің көмегін жүгініп қозғалдым. Көбіне үйде мына диванның үстінде отыратынмын. Жыл басында арба алу үшін өтініш жазған едік. Енді міне мамандар оны үйге дейін алып келді. Жақсы болды. Енді үй ішіндегі тірлікке аз да болсын қол ұшымды тигіземін. Негізі барлық жұмыстарды жолдасым жасайтын. Қазір өзі – әскери қызметтегі азамат. Мен 7 жасар қызыммен үйдемін.

Ал облыстық ауруханада құлағында мүкісі бар балаларға кохлеарлы имплантқа сөйлеу процессорларын ауыстырып беріп жатыр. Жалпы бұл үрдіс бес жыл сайын жүріп тұрады. Дәл қазір кезекте 4 бала. Екеуі қаланыкі болса, тағы соншасы аудандардан келген. Мереке Сәбитовтың құлағы туғаннан шала естиді. Оның ескі аспаппен жүргеніне 6 жыл болыпты. Міне, жеткіншекке мамандар жаңа құралды табыстап, дыбыстардың қатты немесе ақырын шықпауын реттеп берді.

Назгүл Жанатова – ата-ана:

-Баламның құлағына жаңа аппарат орнатты. Енді шамалы болсын естиді ғой. Рахмет.

Жалпы өңірде кохлеарлы имплант алу үшін кезекте 15 бала тұр. Оның 11-і аппараттармен өткен жылы қамтылыпты. Ал биыл қажетті құрылғыға 4 бала қол жеткізді.

Ринат Елжасов – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

-2016 жылы 1270 құрылғы алынды. Биыл 849 жарымжан адамды санаторлы-курорттық емдеуге жіберуді жоспарлап отырмыз. Тағы 2 мыңға жуық мүгедекті гигиеналық заттармен қамтамасыз етеміз. Ал 775 адамға протезды-ортопедиялық көмек көрсетілмек.

Айту керек, бұл мақсатта бюджеттен биыл 164 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

 

 

Айгерим Ержанова