Спорт

Петропавлда қыздар арасында волейболдан ҚР жазғы чемпионаты өз мәресіне жетті

Қайырбек Хамзин – “Қуаныш” ВК директоры:

-Қыздарымыз жақсы өнер көрсетті. Өңірімзде волейбол алға басуда.

Бұл додада өңірімздің намысын негізінен “Қуаныш” волейбол клубының қыздары қорғады. Көрсеткіш жаман емес. Үлкен топтағылар, нақтырақ айтсақ, 1999-2000-шы жылғылар 6 ойын өткізіп, 5 қарсыласын қалпақпен ұрып алды. Нәтижесінде алтыннан алқа тағынды. Ақтөбеліктер күміс жүлдені еншілесе, үздік үштікті Жетісу командасы тұйықтады.

Дарья Фенько – “Қуаныш” ВК капитаны, СҚО:

-Алғашқы кездесу павлодарлықтарға қарсы өтті. Олар бізге тіс көрсете алмады. Оңайлықпен 3-0 қылып жеңдік. Ал “Жетісу” мен “Ақтөбе” командаларымен өткен ойындар ауыр болды. Талдықорғандықтарды ұтсақ, батысқазақстандықтарға 1-3 есебімен есе жібердік. Дегенменде біз алтыннан алқы тағындық. Оған қуыныштымын.

Сондай-ақ, 2001-2002-ші жылғылар арасында үздік үштікті Жетісу командасы тұйықтады. Күміс жүлдені теріскейліктер еншілесе, қостанайлық қыздар алтыннан алқа тағынды. Ал соңғы кіші топтағыларда бірінші орынға Павлодар облысының Ақсу командасы қол жеткізді. Солтүстікқазақстандықтар болса күміс жүлдені қанжығаларына байлады. Ал қола медальді Павлодар облысының қыздары еншіледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок медаль, және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Риат Шони