МТРА жаңалықтары

Петропавлда бір ветеринарлық емханада күніне 40-қа жуық төртаяқты қабылдануда

Евгений Притчин – «Городская клиника» ЖШС ветеринары:

-Емхана 2006-шы жылы ашылды. Оның негізі қаланғалы бері мен осы жерде істеп келемін. Көбіне бізге ит пен мысықтар жеткізіледі. Экзотикалық жануарларды да қараймыз. Олардың ішінде тотықұстар мен тасбақалар да бар. Биыл біз зоопарктен әкелігнген арыстанды да емдедік. Бірінші кезекте біз төртаяқтылардан керекті сынамалар алып, диагноз қоямыз.

Осыдан бірнеше күн бұрын мына сібір лайкасын кене шағып алған. Шамалы уақыттан соң ит өзін жайсыз сезіне бастапты. Бұны байқаған иесі оны бірден ветеринарлық емхана алып келген. Мамандар бұл жерде оған бірден уға қарсы дәрі егіп, емдік шаралар жүргізіпті. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Енді ол 3 апта көлемінде үй жағдайында емделуі қажет.

Евгений Притчин – «Городская клиника» ЖШС ветеринары:

-Мұндай оқиғалар жаз мезгілінде жиілеп кетеді. Кейбір жануарлардың иелері өздері мамандардың кеңесінсіз ем-дом қабылдайды. Бұл дұрыс емес, әрине. Арнайы ветеринарлық мекемелерге келгендері жөн. Сонымен қатар, профилактикалық шараны да ұстанған абзал.

Мұнда барлығы 3 ветеринар жұмыс жасауда. Бүгінде олар жануарларға арналған қонақ үй болса деп армандайды. Өйткені, жаз мезгілінде демалуға баратын тұрғындар жануарларын қайда тастарларын білмей дал болады. Мамандардың бұл ойын қала тұрғындары да қолдап отыр.

-Үйімде бірнеше мысық бар. Жазғы уақытта алысқа кеткенде оларды уақытша қалдыратын жер керек.

-Немерем төртаяқтыларды жақсы көреді. Далада тасталған ит-мысықтарды көрсе бірден үйге алып келеді. Сондықтан, оларға арналған қонақ үй мен пана болатын жер керек.

 

 

Айгерим Ержанова