МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында Астананың туған күніне орай жаңа субұрқақ ашылды

Бұл субұрқақ – елордалық дизайнерлердің туындысы. Тамаша нысанды шеберлер 1 жарым ай бойы тұрғызған. Архитектуралық құрылымның ұзындығы – 30, ел ені – 5 метр. Мұндай субұрқақ еліміздің тек екі қаласында – Астана мен Өскемен де ғана бар екен.

Нұрбай Баймамбетов – “Kaz deсor” ЖШС өкілі, Астана қаласы:

-Конституция көшесінде салынған бұл субұрқақ Астананың туған күніне арналған. Жаңа нысан тұрғындардың көңілдерінен шығады деп ойлаймын. Архитектуралық құрылымның жұмысы әлі толық аяқталған жоқ. Біздің мамандар шілде айының соңына дейін субұрқақтың маңын көркейтумен айналысады. Алаң маңына орындықтар қоямыз. Және түрлі құстардың мүсіндерін орнатамыз.

Міне, көптен күткен сәт те келіп жетті. Субұрқақ іске қосылып, маңайға ерекше көрік берді.

Тұрғындар ерекше үлгідегі нысанды ұялы телефондарына түсіруде. Олардың барлығы қаламызда осындай тамаша субұрқақтың іске қосылғанына қуанышты.

-Өзіме субұрқақ қатты ұнады. Мен бұл нысан осындай әдемі болады деп ойламадым. Енді қаламыз одан сайын құлпыра түседі.

Айта кеткен жөн, субұрқақта 200-ден аса жарық диотты шамдар мен жоғары қысымды 15 насос бар. Одан 6 түсті су 4 метр биіктікке шапшиды.

 

 

Култанов Байболат