Бизнес және экономика

Бұрынғы Валют-Транзит Банк салымшыларына өтемақы төленуде

Бір салымшыға берілетін кепілдік қайтарымның жалпы көлемі 5 млн теңгені құрайды. Осы күнге дейін “Валют-Транзит Банкі”-нің 14 салымшысы қосымша төлемдерін алмапты. Бүгінде Ұлттық банктің өкілдері мен облыстық әкімдіктегілер сол азаматтарды іздестіріп жатыр. Ұлттық банктің жергілікті филиалының директоры Жомарт Қажырақымовтың айтуынша, тұрғындар қосымша салымдарын Центр кредит банктерінен тамыздың 10-ына дейін алып үлгеруі қажет. Одан кейін машақаты көбейіп кетеді. Яғни, тиесілі қаражатты алу үшін азаматтарға Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қорына жүгінуіне тура келеді. Ал оның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан екен.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

 

-Депозиттердің сомасы 5 млн. теңгеге дейін көтерілді. Бүгінде салымшылар 4 млн 300 мың айырмашылығын ала алады. Мұндай адамдар біздің облысымызда -141. Соның 127-сі Центр кредит банкі арқылы қосымша төлемдерін алып үлгерді. Қалған 14-і ақшасы әлі күнге дейін алмаған. Егер сіз Валт-транзит банкінің бұрынғы салымшысы болсаңыз онда тамыздың 10-ына дейін қосымша төлемді алуды ұмытпаңыз.


Берік Қасен