Аптадағы маңызды жаңалықтар

Астана күнінде Уәлиханов ауданында бірнеше нысан ашылды

Эскирхан Болатов – «СЕВЕРНАЯ НИВА» ЖШС құрылтайшысы:

-Ауданымызда жаңа элеватор бой көтерді. Бүгінде 13 тұрғын жұмыс орнымен қамтылған. Алдағы уақытта тағы 40 адамды еңбекпен қамтимыз деп жоспарлап тырмыз.

Сонымен қатар, аудан орталығында құрылыс материалдарын көтерме бағамен сататын сауда нүктесі ашылды. Бұл кәсіпті Қайрат Жапаров өз қаражаты есебінен бастаған. Енді ол алдағы уақытта пластикалық терезе мен керме төбе және құмблок шығаратын цех ашпақшы.

Қайрат Жапаров – “Жапаров” ЖК директоры:

-Кәсібімізді аштық. Жергілікті халық үшін мұндағы баға қолжетімді. Облыс орталығына барып жатпай, осы жерден керектінің бәрін сатып ала алады.

Дүкеннің ашылғанына аудан тұрғындары қуанышты. Өйткені, мұнда құрылысқа керектінің бәрін табуға болады. Бағасы да қолжетімді. Ал бастысы, алысқа барудың қажеті жоқ.

Ерсайын Ысқақова – Уәлиханов ауданының тұрғыны:

-Жақсы болды. Енді қалаға әрілі-берілі шаппаймыз. Ақшамызды да үнемдеп қаламыз.

Мұндағы тағы бір кәсіпкер Нұрболат Жанай Астана күніне орай ауданында жазғы қымызхана мен дәмхана ашыпты.

Нұрболат Жанай – “Жанай” ЖК директоры:

 

-Қымызханамыз киіз үйдің ішінде. Бұл ел қонақтарын өзіне тартады. Негізі бізге ресейліктер көптеп келеді. Сол азаматтарға халқымыздың мәдениетін осылайша таныстырмақпын.

Бұның барлығы халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар дейді кәсіпкерлер.