Қоғам

Уәлиханов және Ақжар аудандарына Оңтүстік Қазақстаннан 18 жанұя қоныс аударды

Нәзипа Тәжиева – Телжан ауылының тұрғыны, Уәлиханов ауданы:

-Біз ораза айтына дөп келіп тұрмыз. Соған біз бүгін иіс шығарып жатырмыз. Қазақ болғасын салт-дәстүірімізді ұмыспау керек.

Тәжиевтер жанұсы 10 адамнан тұрады. Үйдің кішкентайлары әлі мектепке бармапты. Бұл отбасы оңтүстікте мал шаруашылығымен айналысқан. Ал, әулеттің үлкен келіні аспазшы мамандығын меңгерген. Енді ол алдағы уақытта мемлекет қолдауына жүгініп өзінің жеке кәсібін ашуды жоспарлап отыр.

Ақмарал Ерменова – Телжан ауылының тұрғыны, Уәлиханов ауданы:

-Қазақтың жері көп. Осында өндіріспен айналысқымыз келеді. Және ауылда бір ғимаратты жалға алып, кондитерлік цех ашқым келеді.

Телжан ауылына күнгейден 34 адам қоныс аударды. Әр жанұяға оңтүстікқазақстан облысы маслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков баспана сатып әперіпті. Ол бұл үйлерді бұрынғы иелерінен 300-500 мың теңгеге ресімдеген. Енді азамат болашақта оларды жұмыспен қамту үшін кәсіп ашсам дейді.

Жаңабай Ағабеков – ОҚО маслихат депутаты:

-Сарыағаш ауданының азаматтары жер мен жылыжаймен айналысқан. Бұлар еңбекқор. Азаматтар картоп, сәбіз өсіріп, мал шаруашылығымен айналысып еңбек етеміз деп отыр.

Алдағы уақытта теріскейге жұмыспен қамтудың жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныстанушыларға бар жағдай жасалмақ. Олардың әр біріне республикалық бюджеттен 50 және 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы беріледі. Бұл қаражатқа қандастарымыз үйлеріне жөндеу жасай алады, жеке кәсіп ашып, мал шаруашылығымен айналысуларына болады.

Әлия Жағапарова – Уәлиханов аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы:

-Қоныстанушылардың барлығы жұмыспен қамтылады. Қоныстанушылардың арасында мамандық иелері де бар. Кәсібі жоқтарды жергілікті шаруашылықтарға тартамыз.

Қандастарымызға Уәлиханов ауданы әкімгі тарапынан да көмек көрсетілмек. Ауданда бос жатқан 600 мың гектар жайылым және 10 мың гектар егістік алқап бар. Енді бұл жер қоныстанушыларға шаруашылықпен айналысуларына берілмек.

Аман Төрегелдин – Уәлиханов ауданының әкімі:

-Азаматтарға мемлекеттен және ауданнан көмек көрсетіледі. Оларды елдің адамдары да қолдап жатыр. Қандастарымздың келгенінен елдің саны артады.

Айта кеткен жөн, Оңтүстіктен көшіп келгендер Уәлиханов және Ақжар аудандарына қоныстанды. Жыл соңына дейін аталған аудандарға тағы 130 отбасын көшіру жоспарланған.

 

 

Култанов Байболат