Қоғам

Өңір аудандары Астанаға қарап бой түзеп келеді

Таштан Таштанов – жеке кәсіпкер:

-Цехта нан өнімдерінің 15 аталымын пісіреміз. Келешекте конкурсқа қатысып, ауданның барлық ауылдарын өз өнімімізбен қамту жоспарда бар. Мұндағы пеш тағы да басқа қондырғыларды өз қаржыма сатып алдым. Ісім табысты болса, мемлекет қолдауына жүгініп, заманауи қондырғыларды сатып аламын.

Астана күні қарсаңында Мамлютка қаласында Чернобыль апатынның зардабын жоюға қатысқандардың құрметіне арналып тас орнатылды. Келесі жылы дәл осы жерге ескерткіш жайғастырылады. Оны аудандық ардагерлер кеңесі қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы мен жеңіс мерекесінде жиналған қаражат есебінен тұрғызбақшы.

Спандияр Калиев – Чернобыль апатынның зардабын жоюға қатысушы:

 

-Өскелең ұрпақ Чернобыль апаты жайлы білу керек деп есептеймін. Мұндай апат елімізде, әлемде қайталанбасын.

Чернобыль апатынның зардабын жоюға қатысқандардың қатары жыл санап сиреп барады. 80-жылдардағы алапат апатты ұрпақ жадында қалдыру үшін ескерткіш керек.

Берік Қасен