МТРА жаңалықтары

Астана күніне орай Петропавлда “флорист” байқауы ұйымдастырылды

Жанар Шарапаева – қала тұрғыны:

-Астанаға мен алғаш рет осыдан 10 жыл бұрын барғанмын. Ол кезде қала ешбір шаһардан ерекшеленбейтін еді. Қазір ол әлем астаналарының ішіндегі ең әсем шаһарлардың біріне айналды. Жыл сайын ол жаңа ғимараттармен толығып, туристерді өзіне тартады. Қазір өзім де бас қалаға жиі барамын.

Астана күніне орай облыс орталығының ретро алаңында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «Флорист» байқауы ұйымдастырылды. Ережеге сай, алғашқы сында қатысушылар 5 түрлі гүл мен жаппырақтардан әдемі гүл шоқтарын жинау керек болды. Бұл міндетті мұғалім Айнагүл Тыштыбаева 15 минут ішінде орындаған.

Айнагүл Тыштыбаева – флористер сайысына қатысушы:

-Менің шоқ гүлім «Астанаға махаббатпен» деп аталады. Өзім гүлді жаөқсы көремін. Сондықтан мынадай гүлдерден әдемі букет жинадым.

Нәтижесінде Есіл ауданының Заградовка орта мектебінің мұғалімі жүлделі 3-ші орынға қол жеткізді. Бұдан соң көрермендер арасында шардан гүл жасау байқауы өткізілді.

-Сайыстың үшінші кезеңінде қатысушылар қайшы пен пышақты пайдаланып, мына гүлдерден Астана нышаны – «Бәйтерек» монументін жасап шығулары қажет. Берілген уақыт – 30 минут.

Міне, байқау да басталып кетті. Қатысушылардың бірі Бәйтеректің негізін қалап жатса, енді бірі биікте тұрып көз тартатын шарын жасап әлек. Соңында туынды міне, мынадай түрлі түсті ғимаратқа айналды.
Шара барысында қалалықтар бір-бірін Астана күнімен құттықтап, игі тілектерін білдіріп жатты.

 

 

Айгерим Ержанова