МТРА жаңалықтары

2015 жылы Астанаға 600 мың турист келген

Бұл тізімде «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Думан» ойын-сауық орталығы мен ондаған таңғажайып архитектуралық нысандар да бар. Бірақ келушісі көп ғимараттардың бірі бұл – «Бәйтерек» монументі. Мұнда шетелден және өңірлерден келетін жұрт әрқашанда таңырқап қайтады. Солардың қатарында ҚХР азаматы – Күләш Әбдікерім де бар. Қандасымыз Сарықарқа төрінен орын тепкен алып шаһарға алғаш рет келіпті.

Күләш Әбдікерім – Астана қаласының қонағы:

-Мен Астанаға Қытайдың Үрүмші қаласынан келдім. Бұл менің елордаға бірінші келуім. Қала өте әсем. Бірталай жерін аралап үлгердім. Ақ орданы көрдім. Одан кейін Бәйтерекке келдік. Суретке түстім. Негізі туысшылап келгенмін.

Өткен жылдың өзінде елордасына 600 мыңға жуық турист келіпті. Бүгінде олар Астананы өз беттерінше аралап, таныса алады. Ол үшін шаһар аялдамаларында аудиогидтармен міне, мынадай велосипедтер орналастырылған. Ал ағымдағы жылдың маусымынан бастап қаланың сол жағалауында экскурсиялық екі қабатты автобустар қатынауда. Туристерді тарту жұмыстарымен Астана әкімшілігі жанындағы «Астана Конвенш» бюросы серіктестігі айналысады екен.

Айнұр Жанәбілова – «Астана Конвеншн» бюросы ЖШС жобалар бөлімінің басшысы, Астана қаласы:

-Қалада өткен жылдан туристерге арналған бағдарлау жүйесі іске қосылды. Биыл біз 100 пиллон мен дәл осынша нұсқағыш орнатпақпыз. Пиллон дегеніміз бұл – ақпараттық карталар. Сонымен қатар, шаһардағы «Хан Шатыр», теміржол вокзалы мен әуежай маңдарында шетелдіктерге арналған тәулік бойы ақпараттық киосктар жұмыс жасайды. Ондағы қызметкерлер үш тілді жақсы меңгерген.

Астана – Казақстанның жаңаруының нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі. Бұл – тәуелсіздік алған мемлекеттің өзінің гүлденген болашағына, ұрпағының келешегіне зор үмітінің көрінісі. Биыл бұл әсем шаһар өзінің 18 жылдығын атап өтуде. Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтары елордаға өздерінің игі тілектерін білдірді.

-Қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Қаламыз қарыштап дамып, көркейе берсін.

-Астана – өте көркем қала. Жер-жерден келгендердің бәрі қызығады. Мен өзім киелі Түркістаннан балаларыммен келдім . 01:37-42/ Бәріне жақсылық, отбасыларға береке, тыныштық, ал қаламыз одан сайын көркейе берсін.

-Мен өзім Павлодар қаласынанмын. Астана – керемет те сұлу шаһар. Бұл – болашақтың қаласы. Туған күнімен, Астана!

 

Айгерим Ержанова