МТРА жаңалықтары

СҚО Құрметті азаматтарының тізімі екі адаммен толықты

Жоғары қызметтерді де лайықты атқарған. Бүгінде ел ағаларының өлшеусіз еңбектері бағаланып, қарияларға облысмыздың «Құрметті азаматтары» атағы берілмек.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– Бүгін Астана күні қарсаңында еліміздің 2 ардақты азаматтарына «СҚО Құрметті азаматы» атағын бергелі отырмыз. Ғазиз Есмұқанов пен Иван Куропаткин өңіріміздің дамуын, экономикалық тұрғыда өсуіне зор үлестерін қосты.

Ғазиз Есмұқанов Мамлют ауданы Бостандық ауылының тумасы. 60-шы жылдардан бастап ол өңіріміздің аграрлық саласында қызмет еткен. Өмірінің 25 жылын ер-азамат облысымыздың әлеуметі мен мәдениетінің дамуына, жол құрылысы мен мал шаруашылығы кешендерінің тұрғызылуына ат салысқан. Тіпті сол кездерде артынан ерген іні-бауырларына жол көрсетіп, ақыл-кеңестерін аямаған.

Сағындық Ақжігітов – еңбек ардагері:

–  Соколов ауылында қызметтес болдық. Ол атқару комитетін басқарды. Мен совхозға жаңа келген маман едім. Сол кезде бұл кісі мені қол астына алып, қолпаштап, көмек қолын созды. Тәлім-тәрбие беріп, жөн сілтеді. Сізге үлкен рахмет.

Кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов Иван Куропаткин мен Ғазиз Есмұқановқа тиісті марапаттарын табыс етті.

Ғазиз Есмұқанов – СҚО Құрметті азаматы:

–  Мен 10 жыфл бойы депутат қызметінде жүрдім. Оның ішінде бюджеттік комиссияның бастығы болдым. Ол кезде мен өңіріміздің бюджетінің дұрыс пайдалануын бақылап, қадағалап отырдым. Ол кезде жұмыс деген көп әрі қызық болды.

Айту керек, бүгінде Ғазиз Есмұқанов 58 жыл отасқан жолдасы Күлбарам апамен 2 ұл мен 1 қыздан 8 немере және 3 шөбере сүйіп отыр.

 

Айгерим Ержанова