Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Блок” ЖШС жаңа өндіріс цехын іске қосты

Бүгін кәсіпорын жаңа өндіріс цехын іске қосуда. Мұнда тек “Ризолин” материалы әзірленетін болады.

Казимир Богамедов – “Блок” ЖШС бас директоры:

– Гидрооқшаулағыш “Ризолин” материалы арматураланған. Сәйкесінше ол оңайлықпен жыртылмайды. Сонымен қатар “Ризолин” өздігінен жабысады. Арнайы желімнің қажеті жоқ. Біз материалды үш жылдай сынап, сапасын байқадық. Көңілімізден шықты. Қазір өнімді Европағада экспорттаймыз.

Жаңа өндіріс цехтың ашылуына аймақ басшысы Ерік Сұлтанов келді. Облыс әкімін серіктестік басшылығы өз өнімдерімен танысытурда. Өңір басшысы цехтағы жаңа қондырғыны іске қосып, “Ризолин” материалын шығаруға рұқсат берді.

Айта кету қажет, қондырғылардың барлығын кәсіпорын өз күшімен құрастырған. Оған 10 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Ал жобаның жалпы құны 22 млн теңге тұрады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 1 млн шаршы метр. Бұнымен біз ел нарығының 30 пайызын жауып отырмыз.

“Ризолин” материалы ультракүлгін сәулесінің 80 пайызын кері қайтарады. Сәйкесінше шатырдың бүлінбеуіне септеседі.

–  Гидрооқшаулағыш “Ризолин” материалының жарамдылық мерзімі 25 жылдан асады. Бұнымен шатырды қаптаған кезде арнайы кәсіби шеберліктің немесе қондырғының қажеті жоқ. Жұмысты жалғыз өзіңіз тындыра беруге болады.

Жаңа цехтың ашылуымен қосымша 15 адам еңбекпен қамтылды. Михаил Сенченко “Блок” ЖШС-де жұмыс істеп жүргеніне бір жыл болды. Айтуынша, ұжым жақсы. Білікті мамандардан жасақталған.

Михаил Сенченко – “Блок” ЖШС жұмысшысы:

 

– Қондырғы жартылай автоматтандырылған. Материалды әзірлеу барысында ұқыпты болу қажет. Өйткені бүлдіріп алуға болады. Жалпы жұмыс өзіме ұнайды. Жалақы уақытылы беріліп тұрады.

Жалпы серіктестіктегілер “Ризолин” материалын өндірудің қуатын арттырсақ ел нарығын толығымен жабамыз дейді.

Риат Шони