МТРА жаңалықтары

ПҚЭК базасында ресурстық орталық ашылды

Енді бұл бағытта қала мейманханаларында еңбектенгісі келетін кез-келген азамат бірінші арнайы курстан өтеді. Ал мамандарды енді ПҚЭК-де 5 бірдей оқытушы дайындамақ. Бүгін міне аталмыш оқу орнында технология бөлімі ресурстық орталығының ашылуы туралы келісімге салтанатты түрде қол қойылды.

Орталық бірінші тамыздан іске кіріспек. Курстар екі айға шақталған.

Тұрар Ысқаков, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:


– Білім басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы және рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы бірлесіп қолға алған жоба. Енді сапалы мамандар шықпақ.

Білім алушылар бірінші айда колледжде теория жинақтаса, қалған мерзімді тәжірибеге арнамақ. Ол үшін бүгін жиылған қаладағы мейманхана иелері есіктерін айқара ашуға келісімін беріп отыр. Олар осылайша сапаны арттырып, келушілерге жоғары дәрежелі қызмет көрсете алатындарына сенімді.

Сайран Хамзин, СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы төрағасы:


– Қаладағы мейманханалар мен барларға білікті, дайын маман дайындау әу бастан көзделген. Бізге сапалы қызмет көрсететін даяшы, админстратор, менеджерлер керек. Айта кетейін ресурстық ортылқтың жұмысы жүйеленгеннен кейін, жергілікті мейманханаларға осы курсты тәмамдағаны туралы куәлігі бар адамдарды ғана қабылдаймыз.

Екі ай курсты тәмамдаған адам мынадай куәлікке ие болады. Оған қол жеткізу үшін екі ай уақытыңыз бен 47 мың теңгеніңізді сарп етуге тура келеді. Есесіне жұмысқа бірден орналасуға мүмкіндік бар.

Акбопе Танирберген