Спорт

Өңір спортшысы белбеу күрестен өткен Азия чемпионатынан 2-ші және 3 орын алды

Ол осы уақыт ішіндде Қазақстан чемпионы атанған, халықаралық додада да топ жарыпты. Ал, жуырда Ашхабадта белбеу күрестен ұйымдастырылған Азия чемпионатына қатысып, қанжығасына классикалық күрестен 2 орынды және еркін күрестен 3 орынды байлады.

Кристина Яловенко, еркін күрестен спорт шебері:


– 52 кг салмақта күрестім. Менің салмағым бойынша 8 қарсылас қыз болды. Түркменстан,Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің спортшыларымен боз кілемге шықтым. Классикалық стиль бойынша 2 болдым. Пәкістанның және Қырғызстаннан келген қарсыластарымды жеңдім. Бірақ та,Түрікмен спортшысына есе жіберіп алдым.

Әлемнің 16 елiнен келген 300-ден астам спортшы арасынан жүлдегер атану оңай емес,- дейді жас спортшының бапкері Уәлихан Дәуренбеков.

Уәлихан Дәуренбеков, облыстың белбеу күрес спортынан аға бапкері:


– Біз осы Азия Чемпионатына қызу дайындалдық. Енді міне жемісін көріп отырмыз. Менде осы спортшымнан да басқа 15 қыз бала мен 25 ұл бала жаттығады. Олардың жастары әр түрлі. Кішкентайлар бүлдіршіндер мен жасөспірімдер. Бұл спорт түрі дүниежүзілік универсиада мен Азия чемпионатына енгізілген. 55-тен астам мемлекет осы спорт түрімен айналысады.

Қазіргі уақытта, Кристина Яловенко кезекті әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде.

 

Тогжан Акмагамбетова