МТРА жаңалықтары

Мәжіліс депутаттары Петропавлдағы нысандарды аралады

Мекеме 280 бүлдіршінге шақталған. Бүгінгі күні мәжіліс депутаттары Кәрібай Мұсырман мен Сергей Звольский мұндағы жағдаймен танысуда. Мынау – спорт зал. Бұл жерде балғындар кестеге сай аптасына ек рет дене шынықтырумен айналысады.

Ал мұнда балақайлар Бас қаланың туған күніне дайындалып, суретін салып жатыр. Меймандар болса материалдық-техникалық базамен танысуда. Оларды мазалайтын тағы бір маңызды сұрақ бар.

– По языку преподавания как?


Татьяна Дзябко:

–  У нас полностью 2 группы на государственном языке обучения, так же преподается английский язык. То есть трехъязычие у нас есть.

Мәжілісмендер дағдарыс жағдайына қарамастан Солтүстік Қазақстанда мектеп-балабақшалар ашылатынын атып кетті. Биыл өңірде ұлттық қордың есебінен тұрғылып жатқан екі мектеп пайдалануға берілмек. Тұрғын үй бағдарламасы да ойдағыдай жүзеге асуда. Бұл – Юбилейная – Семашко көшелерінің қиылысы. Мұнда көпқабатты екі ғимарат тұрғызылуда. 72 пәтерлі үйді “Дорстрой Трест” компаниясы көтеруде. Ал 126 шаңыраққа арналған баспананың кірпішін өзге мердігер қалауда.

Марат Мұқашев, «Байтерек девелопмент» АҚ өкілі:


– Мұнда Өскемен қаласының “Рулан Сервис ЛТД” ЖШС жұмыс жасауда. Қазір есіктерді орнату, іргені әрлеу жүріп жатыр. Инженерлік желілер орнатылған.

Нысандарды Қазақстандық ипотекалық компаниясы салуда. Жоспар бойынша екеуі де тамызда қолданысқа береледі.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:


–  Жұмыс барысы графикке сай жүргізілуде. Үшінші тоқсанда пайдалануға беріледі. Әкімдік баланысна беріліп, сонда кезекте тұрғандарға үлестіріледі. Жалпы біздің Солтүстік қазақстан өңірінде құралас қарқыны жақсы деңгейде жүргізілуде. Осы 5 айдың қорытындысы соны көрсетіп отыр.

Кейін халық қалаулылары “Қазтехмаш” зауытына барып, “Нұр отан” партиясы филиалында заматтарды қабылдады.

Акбопе Танирберген