МТРА жаңалықтары

Астана күні қарсаңында сот қызметкерлері мен сала ардагерлері грамоталармен және төс белгілермен марапатталды

Астана күні қарсаңында олардың көп жылғы еңбегі ескерусіз қалмады. Бірі облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, енді бірі «Татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі үздік судья» құрмет грамотасына қол жеткізді.

Ерлан Айтжанов, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

– Келе жатқан мереке құтты болсын! Барлықтарыңызға әрине, денсаулық тілеймін.Осы жеткен деңгейлеріңізде істей беріңіздер. Төмен болмасын көрсеткіштер.Басқа да істеліп жатқан істер көп.

Ал, облыстық соттың отставкадағы судьясы Инесса Қуановаға заң саласында сіңірген адал еңбегі үшін «Судьялар одағының құрметті мүшесі» төс белгісі табысталды. Нәзікжанды облыстық сотта 16 жылға жуық қызмет атқарған.

Инесса Қуанова, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы:


– Бұл тек менің ғана емес, күллі әріпестерім мен судьялар алқасының марапаты деп білемін. Бұл ретте, көп жұмыстар атқарған ардагерлер ұйымының үлесі мол. Еңбегіміздің еленгеніне дән ризамын.

Бұл күні аудандық және облыстық сот ғимараттарының маңайын көгалдандыруға атсалысқан азаматтардың да еңбегі еленді.

Тогжан Акмагамбетова