МТРА жаңалықтары

Жыл басынан өңірде 9 адам суға кеткен

Виктор Держанский – “СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы ММ” жетекшісінің орынбасары:

-Биылдың өзінде біздің мамандар 10 адамды құтқарып, 12-і жерлесімізге дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Сондай-ақ, өңірдегі жағажайларда құтқарушылар жас балаларды суда жүзуге үйретеді. Биыл олар 112 жасөспірімге өзен-көлдердегі шомылу ережелері мен сақтық шараларын түсіндірді. Жаз мезгілі кезінде демалыс орындарындағы тұрғындардың қауіпсіздігі біздің басты назарда.

Жыл басынан бері 9 жерлесіміз суға кетіп, мерт болған. Өкініштісі оның 5-еуі бала. Соңғы оқыс оқиға қаламызда осыдан екі жұма бұрын орын алды. Естеріңізге сала кетсек 9 жастағы бүлдіршін Есіл өзеніне құлап, ажал құшқан болатын.

Виктор Держанский – “СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы ММ” жетекшісінің орынбасары:

-Қыз белгіленбеген жерге шомылған. Сосын оны өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Біздің мамандар бүлдіршінде 2 тәулік бойы іздеді. Бұл шараға жергілікті адамдарда қатысты. Оларда өзен-көлдердің бойын, орман-тоғайлардың ішін тінтуге ат салысты. Дегенменде қызды құтқара алмадық. Оның денесін Ольшанка елді-мекені маңынан жергілікті тұрғын тауып алды.

Биыл қаламыздағы Пестрое және қалалық жағажай маңына көркейту жұмыстары жүргізілді. Енді бұл демалыс орындары өңірде шомылу маусымы ашылысымен тұрғындарды қабылдауға дайын.

Дмитрий Растихин – Петропавл қалалық ТЖБ бастығының уақытша міндетін атқарушы:

-Биыл қаламыздағы жағажайларды көркейтуге жергілікті қазынадан 2 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа “Коммунхоз – Петропавл” ЖШС демалыс орындарында жөндеу жүргізді. Олар ақшаға жағажайларда шатырлар тігіп, балалардың жүзулеріне арнайы орындар ашты.

Айта кеткен жөн, өңірде суға шомылу маусымы ресми түрде қашан ашылатындығы әлі белгісіз. Өйткені, облыс аумағындағы кейбір жағажайлар демалушыларды қабылдауға толықтай дайын емес.

 

Култанов Байболат