Спорт

“Қызылжар-СҚ ФК қызылордалық “Қайсар” құрамасымен ойнады

Бұл ойында жерлестеріміз қонақтарға қалайда есе жібермегені абзал. Олай болған жағдайда қызылордалықтар ұпайды көп жинап көш басына шығуы мүмкін. Міне, төреші ысқырығы шалынды. Екі жақ белсенді шабуылға көшіп, допқа таласты. Намысты қолдан бермеуге тырысқан ойыншыларға шелектеп жауған жаңбыр да кедергі емес. Ойынның 33 минутына дейін қарсыластар тең түсті. Алайда қонақтар ұтымды сәтті дер кезінде пайдаланып, есепті ашты.

Алаң иелері бірінші таймға дейін есепті теңестіруге тырысты. Алайда бұларынан түк шықпады.

Бірінші таймда ойыншыларға жауын кедергісін келтірді деп ойлаймын.
Қонақтар жақсы қарсыластар оны мойындау керек.

-Біздің команда екінші таймда жақсы ойнайды деген үміттемін.

Келесі таймда бапкердің нұсқаулығымен “Қызылжар” құрамасы ойынның әдісін өзгерткенімен Қайсардың қорғанысын бұза алмады.
Алаң қожайындары допты әрлі-берлі соғып, қонақтарды әбден титықтатты. Ойынның 77 минутында Юрий Перцух есепті теңестірді.

Юрий Перцух – “Кызылжар СҚ” ФК шабуылшысы:

 

-Қайсар құрамасы – тегеурінді қарсылас. Біз екінші таймда оларға барынша қарсылық танытып, жеңісті жұлып аламыз деп ойладық.

Қос құраманың активіне бір ұпайдан берілді. Осылайша, Қайсар құрамасы 29 ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды. Ал Қызылжар 25 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Қарасай стадионындағы келесі ойын шілденің 17-сіне жоспарланған. Алаң иелері елордалық Байтерек командасын қабылдайды.

 

Берік Қасен