Мәдениет

Н. Погодин атындағы орыс драма театрында “Құдайлар құпиясы” атты хореографиялық спектаклі қойылды

Ал, сүйген жарынан айрылған Орфей болса, көптеген кедергілерден өтіп, өз жарын іздеп табуға тырысады. Осылайша, жүрген жолында қалалардың қамқоршысы – Афина мен өнер, жарық құдайы – Аполлонды кезіктіреді.

Мұнда басты рөл – Эвридиканы Анастасия Перепечина сомдауда. Нәзік жанды биге қабілетім болғандықтан, образға ену соншалықты қиын болмады дейді.

Анастасия Перепечина – Эвридика рөлін сомдаушы әртіс:

-Менің ойымша, бишілер де әртістік өнерді жақсы меңгеруі керек. Егер румба болса, қыз өте нәзік, би арқылы өз серігіне ғашық екендігін көрсете алады. Ал жігіттер ержүрек болуы керек.

Үздіксіз әрекеттер, әсерлі костюмдер, грим және көркем декорациялар. Мұның барлығы көзі қарақты көрерменге жақсы әсерін тигізбей қоймады.

-Қойлым өте әсерлі, әдемі. Киген киімдері де, кішкентай бүлдіршіндер де. Шын жүрекпен сомдады. Өте ұнады. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

-Шынында да қойылым өте қызықты. Аяғына дейін бір деммен қарадым. Қалай аяқталатыны қызықты болды.

Әсерлі қойылымды “S’AVANCER” хореографиялық мектебінің жетекшілері Юрий Мирошниченко мен Юлия Ширина дайындаған екен.

Юлия Ширина – ” S’AVANCER ” хореографиялық мектептің жетекшісі:

-Спектакль спорттық би, балдық би, тіпті халық биіне немесе брейк-дансқа ұқсамайды. Бұл жаңаша көзқарас. Мұнда барлық стильдер біріккен. Біз осылайша заманауи болашақты көрсеткіміз келді. Спорттық бимен шұғылданатын бишілердің басқа да би түрлерін меңгере алытындығын көрсеткіміз келді.

Бір сағатқа шақталған хореографиялық қойылымға 60-тан астам адам жұмылдырылған. Араларында спорт шеберіне үміткерлер, биден Европа және әлем чемпиондары бар.

 

Тогжан Ақмағамбетова