Спорт

«Нептун» аквапаркінде балғындар арасында жүзуден «Shark» турнирі өтті

Айдана Тоқмырза – жарысқа қатысушы:

-Мен еркін, брасс және шалқалап жүзу әдістерін меңгердім. Ата-анам суда жүзу адамның бұлшық еттері мен омыртқаға өте пайдалы екендігін айтты.

5 пен 14 -тегі бүлдіршіндер жас санаты бойынша топ-топқа бөлініп 25, 50 және 100 метр қашықтыққа жүзуден сайысты. Ұйымдастырушылар, осындай шаралар арақылы балғындарды мейлінше көбірек спортқа тартпақшы.

Ильдар Габтелмаликов, “Shark” жүзу клубының жетекшісі:

 

-«Shark – 2016» турнирін дәстүрлі түрде өткізіп отырмыз. Аталмыш шараға 100-ден астам жас спортшы қатысуда. Біздің клуб жаз бойы жұмыс істейді, жүзу сабағына келемін деушілерге есігіміз әрдайым ашық.

Спорттық шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамотамен және түрлі сыйлықтармен марапатталды.

 

Айсулу Сергали