МТРА жаңалықтары

Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру

Елена Степаненко – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

-Бүгінде 87 мемлекеттік қызметкер сынақ мерзімінен өтіп жатыр. Оларға тәлімгерлер бекітілген. Әрбір маманның жалақысы жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілік деңгейіне қарап белгіленеді. Сондай-ақ, “Б” корпусындағы мамандар басқа жерге қоныс аударған жағдайда оларға қызметтік пәтер беріледі.

Өңірімізде мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға мән берілуде. Биыл 900-ден астамы оқу курстарынан өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, биылдан бастап қызметкерлер арасында ескерту және алдын алу шаралары жүргізілуде.

Евгений Кинцель – “Ақ жол” демократиялық партиясы СҚОФ кеңес мүшесі:

 

-Мемлекеттік қызметшілер мәселелерді ашық айтып үйрену керек. Есеп берген кезде, жиналыстарда тек жақсы жақтарды ғана айтып, көп проблеманы жасырып қалады. Бұл дұрыс емес. Біз мәселені ашып алмасақ, оны келешекте қалай шешеміз. Және мемлекеттік қызметшілер елдің емес, біреудің мүддесін қорғауға бейім келеді. Кінәларын мойындамайды.

Жыл басынан жергілікті атқарушы органдардың 4 жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмысынан босатылған.

 

Берік Қасен