МТРА жаңалықтары

Шілденің 1-нен көші-қон заңына енгізілген өзгерстер өз күшіне енді

Бұл ұлт өкілдері Қазақстанда визасыз жеке тұлғаларға күтуші, құрылысшы, күзетші және үй қызметкері ретінде жұмыс істей алады. Бірақ ол үшін патент рәсімдеу қажет.

Мәнсия Көшеғұлова – СҚО ІІД көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы:


–  Шетелден біздің елге уақытша көшіп келушілерге сауалнама өтініш, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемдерді төлегендігі туралы түбіртек, жеке басын куәландыратын құжат керек. Және медиициналық анықтамалар қажет.

Айту керек, бұрындары дәрігерден алынатын анықтаманың керегі болмайтын. Бірақ енді ағымдағы жылдың бірінші шілдесінен бастап бұл құжаттың жасалуы міндет. Шетелдіктер дәрігерлік толық тексерістен еліміздің денсаулықсақтау мекемелерінде өте алады. Барлық құжаттар дайын болған кезде патент небәрі бір күн ішінде рәсімделеді. Ал оны ұзарту уақыты кемінде бір ай ішінде жүзеге асырылуы қажет. Биыл бұл үрдіске де өзгерістер енгізілген. Мәселен, енді банк шотында Қазақстанның шекарасынан ары асу үшін тиісті соманың керегі жоқ.

Ирина Мусина – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы:

 


–  Еңбек шартының көшірмесі мен алдында берілген рұқсат қағазы және медициналық сақтандыру қажет. Бұрындары сақтандыру құны қымбат болатын. Сол себепті уақытты ұзарту біраз қиынға соғатын. Қазір бұл мәселе қарастырылу үстінде. Өйткені оның құны қолжетімді болуы керек.

Шетелдіктер Қазақстан аумағында тұру уақытын бір жылға дейін ғана ұзарта алады. Ал бұл мерзім аяқталған соң, олар ел шекарасынан кетулері тиіс. Айту керек, көші-қон заңнамасын бұзғандарға үлкен сомада айыппұлдар қарастырылған. Мысалы, үй қызметкерін жалдаған заңды тұлғаға 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал жұмысшы болса елден мәжбүрлі түрде қуылуы тиіс. Олай болмаса 10 күнге түрмеге жабылуы мүмкін немесе 25 айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлеуі қажет.

Риат Шони