МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы жанындағы сарапшылар тобының көшпелі отырысы өтті

Аграрлар биыл егін егу науқаны кезінде 165 мың гектар жерге ырыс дәнін сіңірген. Шаруалар оның 117 мыңына бидай, 31 мың гектарға – майлы дақылдар, ал қалғанына бұршақты дақылдар еккен.

Искак Насыров – Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:


–  Биыл Мамлют ауданының шаруашылыктары қызу науқанды ойдағыдай аяқтады. Жуырда диқандар егістік алқаптарға гербецид сеуіпте үлгерді. Енді тамыз айында субсидия аламыз. Қазір оған қажетті құжаттар Ауыл шаруашылығы министрлігінде әзірленіп жатыр. Ауданда мал басын арттыру мақсатында мемлекеттік “сыбаға”, “алтын асық”, “Құлан” бағдарламалар сәтті сүзеге асуда.

Осы жылы Жамбыл ауданында көктемгі дала жұмыстары кезінде 288 мың гектардан аса жерге ырыс дәнін себіліпті. Сондай-ақ, аталған ауданда мал шаруашылығы саласы да алға басып келеді. Биыл шаруалар жыл соңына дейін мемлекеттік “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында 1407 бас төрт-түлікті сатып алу жоспарда бар. Тағы Жамбыл ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі де оң жолға қойылған.

Алтай Сеитов – Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

– Жамбыл ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі “Өңірлерді дамыту” және “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламалары арқылы сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен, жыл басынан бері 489 адам екі қолға бір күрек тапты. Оның 380-і тұрақты қызметке орналасты.

Айта кеткен жөн, бұл “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы жанындағы сарапшылар тобының алғашқы көшпелі отырысы. Осындай жиындар арқылы ұйымастырушылар аудандардағы ауыл шаруашылығы және тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламаларындағы түйткілді мәселелерді анықтап, оларды бір жақты етпек.

Болат Әбілмәжінов – Облыстық мӘслихат депутаты, “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы жанындағы сарапшылар тобының төрағасы:


–  Шаруалар мәіселен “Сыбаға” бағдарламасын білгеннің өзінде, оның қалай қаржыландыруын біле бермейді. Соны түсіндіру мәселесін дамыту қажет. Және бағдарлама арқылы қалай құжаттарды жинап, ақшаға қол жеткізуге болатындығын айтамыз.

Енді алдағы уақытта “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы жанындағы сарапшылар тобының кезекті көшпелі отырысы Шал ақын ауданында өтеді.

 

Култанов Байболат