Көлік және жолдар

Петропавлда биыл 1 млрд 438 млн теңгеге 20 шақырым жер жөндеу көрмек

Александр Станкевичюс – “Су-808” ЖШС жұмысшысы:


–  Бұл машинаның салмағы 16 тонна. Оның көмегімен ескі асфальтты кесіп, үгітеміз. Кейін технология бойынша жаңа материалдар қосылып, жаңа қыртыс төселеді.

Қаланы Береке ауданымен байланыстыратын Батыр Баян көшесі 10 жыл бойы жөндеу көрмеген. Осы күнге дейін тас жолдың быт-шыты шығып, ойылмаған жері қалмаған. Кейінгі кездері бұл көшенің әбден тозуына байланысты көліктер сирек қатынайтын болған. Енді міне айта-айта жауыр болған жол мәселесі біртіндеп өз шешімін тапқандай. Биыл 117,6 млн теңгеге Батыр Баян көшесінің 25 мың шаршы метрі, яғни Абай мен Радищев көшелерінің бөлігі жөнделмек. Дәл қазір қолайсыз ауа райына қарамастан жұмыстар жалғасып жатыр.

Алексей Бережной – “Су-808” ЖШС директорының орынбасары:

– Біз мұнда үшінші күн ресайкілеу әдісі арқылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Участокта 8 бірлік техника және 15 қызметкер еңбек етуде. Алдағы уақытта олардың саны ұлғаяды. Барлық жұмысты бір айдың ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Жалпы биыл 1 млрд 438 млн теңгеге 20 шақырым жол жөндеу көрмек. Ол Васильев, Егемен Қазақстан сынды көшелер. Оның сапасын жүргізушілер алдығы уақыттарда көре жатады.

Риат Шони