Мәдениет

Облыстық көркемөнер мұражайында “Мен – Петропавлданмын” атты фотокөрме ашылды

Өзінің қорындағы 10 мыңнан астам фотосуреттен тек таңдаулы елуін жайғастырған. Мұнда Петропавл қаласының көрікті жерлері мен қатар әсем табиғаты бейнеленген. Автор көбіне бұл ермегімен айналысуға түн уақытын таңдайды екен.

Рустам Файзулин – “Мен – Петропавлданмын” фотокөрмесінің авторы:


–  Мен бұл іспен әуестенуді 2009-шы жылы бастадым. Ғаламтор желісінде “Мой Питер” деген сайтты кездейсоқ ашып, жаңа бастап келе жатқан фотографтардың туындыларын көріп, өзімде түсіріп көруді жөн санадым. Біртіндеп шеберлігімді шыңдай түстім. Қазір тек сүйікті қалам Петропавлды ғана бейнелеудемін. Өйткені мұнда архитектура ерекше. Бұл көрмені қала күніне арнап отырмын.

Фотокөрме авторы Рустам Файзулин 2016 жылы Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өткізген байқаудың жеңімпазы. Бүгінгі шараға келген теріскейліктер фотосуретшінің өнеріне жоғары бағасын беруде. Арасында бұл мамандықтың жілігін шағып майын ішкен тәжірибелі фотограф Вадим Мударисовте бар.

Вадим Мударисов – “Северный Казахстан” газетінің фототілшісі:


–  Жеке өзіме түн уақытында түсірілген суреттер ұнады. Өйткені оны жасау техникалық тұрғыда қиын. Жарық дұрыс түспейді. Сонымен қатар пейзаждары да тамаша шыққан. Фотоаппаратты жақсы меңгергені көрініп тұр.

Фотокөрме шілде айы бойы жалғасады. Сонымен қатар, Рустам Файзулиннің шеберлігімен вконтакте әлеуметтік желісінде “Я из Петропавловска” жобасында таныса алады.

 

Риат Шони