Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы Н.Назарбаевтың рұқсатымен СҚО-да К-704 тракторын құрастыратын зауыт іске қосылды

Біріншіден, ауылшаруашылығы машина-техника паркін қуатылығы жоғары техникамен толықтырып, біртіндеп импорттық тауар үлесін азайтуға мүмкіндік бар. Екіншіден, кәсіпорын толық қуатына көшкенде 70-тен астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Сергей Шинкаренко – “СП Петропавл трактор зауыты” ЖШС бас директоры:


– Мұндай зауыттар СҚО-сы сияқты аграрлық аймақтарға өте қажет. Қазіргі таңда игерусіз немесе бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр. Сәйкесінше, келешекте облыс аумағындағы егістік жердің көлемі ұлғая түседі. 80-ші жылдардағы есеппен алсақ, 1000 гектарға бір жоғарықуатты трактор керек. Қолданыстағы тракторлардың пайдалану мерзімі 15-20 жылдан кейін аяқталады. Осыны ескерсек, өңір ауылшарушылығындағы машина-тарктор паркін жаңарту үшін жылына 300 трактор қажет болады екен.

Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған жобаның құны 1 млрд. 200 млн. тг. тұрады. Бұл таза инвестиция. Ауқымды жобаны бүгінде жерлестеріміз Санк-Петербургтегі машина құрастыру зауытымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Сергей Шинкаренко – “СП Петропавл трактор зауыты” ЖШС бас директоры:


–  Қазіргі таңда теріскейде 14 мыңға жуық машина 10 жылдан артық пайдаланылыпты. Бүгінде оларды жаңасына алмастыру қажет. Бұл зауыт өңірдегі сұраныстың 33 пайызын жаба алады. Техникалық жағынан алып қарағанда, тракторлар шетелдік баламасынан еш кем түспейді. Бағасы да импортталғанан үш есе арзан. Биыл өнімге қажетті саймандардың 40 пайызын осы өңірдің кәсіпорындарында әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Тиісінше, техникаларға сервистік қызмет осы жерде көрсетіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мынадай дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тез арада бас өнімдерді шығаруға бейімдеу керек. Қолға алған істеріңіздің жүзеге асқанына қуаныштымын. Бұл ел үшін маңызды жобалар. Бұдан былай К-700 тракторының орнына К-704 шығарылатын болды. Қуатлығы жақсы болып, аграриилердің көңілінен шығады деген үміттемін Табысты болыңдар!

Мақтауға тұрарлық, кәсіпорынның ашылуына отандасымыз Сергей Шинкаренко мұрындық болған екен. Сондықтан зауытты Президенттің рұқсатымен іске қосу мәртебесі соған бұйырды.

Мұндағылар шикізатты Қарағанды Металлургия комбинатынан алатын болды. Ал токрлік және фрезерлік жұмыстардың барлығын өңірдегі көпбейінді зауыт пен “Поиск” венчурлік фирмасы” ЖШС-нің темір ұсталары атқаратын болады. Демек, К-704 тракторына арналған металл конструкциялар мен бөлшек саймандарының барлығын солар әзірлейді.

Николай Зенин – “СП Петропавл трактор зауыты” ЖШС атқарушы директоры:


– Бірнеше қондырғы сатып алдық. Оның ішінде қалыңдығы 40 мм-лік темірді кесетін сандық жүйедегі автоматтандырылған білдегіміз бар. Өңірдегі машина жасау зауыттары бізге рама, кабина, гидравликалық және жанармайға арналған бактарды, қозғалтқышты тозаңнан және ылғалдан қорғайтын қақпақтар дәнекерлеп береді. Өндірістің бастапқы сатысында жылына 120 трактор құрастыруды жоспарлаудамыз. 5-ші, 8-класстағы өнімге 10 жыл кепілдік береміз.

Қазіргі таңда Санк-Петербургтегі трактор құрастыру зауыты тапсырыстың көптігінен қазақстандық аграрийлердің сұранысын орындауға үлгермей
жатыр екен. Сондықтан ресейліктер өз үлестерін Петропавлдағы кәсіпорынға беруге дайын.

Николай Зенин – “СП Петропавл трактор зауыты” ЖШС атқарушы директоры:

– Трактордың бағасы қуатылығына байланысты 28 бен 30 млн теңгенің аралығында болады. Тауарымыз шетелдік бюлер тракторларынан (90 млн теңге) үш есе арзан. Бұл қазақстандықтар үшін өте тиімді баға. Клиентің сұранысына байланысты техникаға 235-тен бастап 400-ге дейінгі аттың күші бар ресейлік қозғалқыштарды орната аламыз.

Бұл трактор аздап жетілдірілген. Кабинадағы орындығы 360 градусқа бұрылады. Алдағы уақытта өзімізде жасалған техникаларды таңдағандарға субсидия берілуі мүмкін. Қазір жергілікті билік осы жөнінде
ауыл шаруашылығы министрімен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Келешекте өніміне деген сұраныс жоғары болып, кәсіпорынның кірісі жылдан жылға артып жатса, мұндағылар себу кешенін де құрастыруда қолға алмақшы.

Берік Қасен