МТРА жаңалықтары

Астанадағы Қазмедиа орталығында СҚО шыққан 30-ға жуық журналист жұмыс жасауда

Телевизия саласына ол студенттік кезінің бірінші жылында аяқ басқан. Алдымен Солтүстік өңірдегі «МТРА»-да телеактер қызметінен бастапты. Кейін келе оның үлкен арманы алып шаһар Астанаға жетелеп әкелді.

Жасын Біркенов – «24кз» телеарнасының тілшісі:


–  Елордаға жастар көптеп ағылады. Ғашық болады. Мен де басыммен Астанаға кіріп кеттім. 2012 жылы “Қазақстан” ұлттық арнасына орналастым. Өзімнің еңбек жолымды содан бастадым. Содан кейін 7-ші арнада «нысана» бағдарламасында 2 жыл қызмет еттім.

Бүгінде «Хабар» агенттігінде біздің облысымыздан шыққан бірнеше журналист қызмет етеді. Олардың дені «МТРА» мектебінен өткендер. Мәселен, Руслан Оспан аталмыш арнаға 2000-шы жылдары келген. Бұл арнада ол «Мен-Чемпионмын» телевизиялық балалар спорт ойынының жүргізушісі де болған.

Кейін Руслан Хабардың меншікті тілшісі қызметіне орналасқан. Соңғы жылдары ол жаңалықты Ресей астанасы Мәскеу қаласынан таратып отырды. Ал қазір Солтүстік Қазақстанның тумасы өңірлерден мемелекеттік тілде келетін материалдарға жауапты шеф-редактор.

Руслан Оспан – «Хабар» АҚ аналитикалық бағдарламалар мен ақпараттық диррекциясының шеф-редакторы:

– Қызметімді МТРА-дан бастадым. Қызық болды. Бірінші күннен эфирге шықтым. Бұл мен үшін жаңа әлем болды. 09:32-44/ Уақыт өтіп туған қаламыздан бастаған жұмысым жемісті болды. Көптеген әлемді көрдім.

Міне, дәл мына орталықта бүгінде солтүстікқазақстаннан шыққан 30-ға жуық журналист жұмыс жасауда. Оның дені бірінші арна Еуразия, «Хабар» мен «24кз» және «Kazakh TV» сынды арналарда қызмет етуде.

Айгерим Ержанова