МТРА жаңалықтары

Петропавлда “М.Жұмабаев атындағы сандық білім беру ресурсы-2016” байқауы өтті

Сяудат Сұлтанғазина – «Парасат» мектеп-лицейінің математика және инфарматика мұғалімі, Қызылжар ауданы:

-Электронды оқулықта prezi.comды пайдаланған себебім ол өте ыңғайлы. Бұл бағдарлама арқылы барлық мәліметті бір жерден көруге болады.

Петропавлда “М.Жұмабаев атындағы сандық білім беру ресурсы-2016” байқауы осымен екінші рет ұйымдастырылды. Бұл сайыстың ақтық кезеңіне биыл өңіріміздің білікті 36 мұғалімі жолдама алыпты. Олар байқауда қазылар алқасына 3 аталым бойынша өз жобаларын таныстырып, үздіктерін анықтайды.

Мархаба Қуантаева – «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалы директорының орынбасары:

-Бұл байқаудың бірі ерекшелігі жаңа форматта сабақ берудің үлгілері көрсету болып табылады. Нақтылай кеткен қазір 21-інші ғасырды біз ақпарат ғасыры дейміз. Осы сандық білім берудің ерекшеліктерін облыс мұғалімдері сабақ үстінде сандық форматта көрсету шеберліктерін танытып отыр.

Байқау барысында әр аталым үздіктері анықталып, дипломдармен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламға ұласты.

 

 

Култанов Байболат