МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы

Серікбай Тұралинов, Ақжар ауданының әкімі:

-Қазақ күресі федерациясы жұмыс жасайды. 53 палуанның 12-сі бастауыш партия құрамында. Одан бөлек Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тұрғын Жандос Мәдіғажи жұбайымен бірге ұлттық аспаптар мен түрлі бұйымдарды жасау үшін мемлекет қолдауына ие болды.

Жастарды елді мекенге тарту үшін ауылды дамыту керек. Аймақ басшысы Серікбай Тұралиновке жастарға бағытталған жобалардың орындалуына жіті көңіл бөлуін қадап тапсырды.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

-Біз үшін жастар болашаққа мол сеніммен қол созуы маңызды. Білім алып “Дипломмен ауылға бағдарламасы” арықылы елді-мекендерге барып сол жерде қалуы тиіс. Дамыған елдерде ауылдарда жұмысқа орналасу көрсеткіші 20-25 пайыз. СҚО-да бұл көрсеткіш 40-50 пайыз. Бізде жер бар, мал шаруашылығы бар. Кез-келген адам ауылға барып өз ісін бастай алады. Бұл жерде “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасының шарпаты мол.

Есесіне “Жастар отанға” бағдарламасы Жамбыл ауданында қарқынды жүргізілуде. Қыз-жігіттер қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Өз бизнесін дөңгелеткендері де бар.

Иван Турков, Жамбыл ауданының әкімі:

-Партияның аудандық филиалы жанындағы жастар кадрлық резервінде 28 адам бар. Аудандағы 14-29 жас аралығындағы азаматтар саны 4806. Оның 1465 жұмыс істейді. 1046-сы студент. 496-сы өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. 10 кәсіпкер бар. Өкінішке қарай 264 жас жұмыссыз.

Кейін, “Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту” бағыты бойынша 2015-19 жылдарға арналған “Нұрлы жол” бағдарламасының жүзеге асырылу барысы сөз болды. Биыл өңірде 3 бірдей білім беру нысанының құрылысы аяқталады. Оның бірі облыс орталығындағы 320 бүлдіршінге арналған балабақша. Шілденің басында іске қосылуы жоспарланған. Қазір абаттандыру және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанды тұрғызуға 713 млн жұмсалған. Ал, Ғ.Мүсірепов ауданының Новоишимка ауылында 400 балаға шақталған мектеп-интернатының құрылысы жүрып жатыр.

Ғафура Бөстекова, облыстық мәслихат депутаты:

-Нысанның жалпы құны 1609,9 млн теңге. Құрылыс кезінде 200 уақытша жұмыс орны пайда болды. Интернат пен оқу ғимараты білім күнінде оқушыларға есігін айқара ашады деп жоспарлап отырмыз.

Құрылысы соңына жетіп қалған үшінші нысан – 300 орынға арналған Тайынша қаласындағы білім ұясы. Оның құны 932,32 млн теңге. 1-ші шілдеде пайдалануға берілмек. Елді-мекендерде оқу мекемелерінің ашылуы қуашты жағдай. Облыс әкімі халқы сиреп қалған ауылдардағы мектептердің жабылуына қатысты мәселені көтерді. Бұл тұста сапаға баса мән беруге кеңес берді.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

-Бүгінгі күнде өңірде 14 мектепке жабылу қауіпі төніп тұр. Олардың бір қатары сырттан көшіп келушілердің үлесі арқылы жабылмайтын болды. Бұл ретте мемлекет беріп отырған барлық мүмкіндіктерді белсенді пайдалану керек.

Сондықтан өңірдің елді-мекендеріне жас мамандардың баруы, жастарға арналған жобларадың жүзеге асырылу мәселелері өзекті. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмысқа екпін беру керектігін қадап көрсетті.

 

 

 

Акбопе Танирберген