МТРА жаңалықтары

Жаңа зауыт іске қосылды

Мейірболат Раев- «ГК Мост» ЖШС қызметкері, Айыртау ауданы:

-230 келі цемент кетеді. 65-70 келі құм кетеді. Дайындап қоямыз осыны. Кейін судың уақыты келеді. 115 литр құйылады. Солардың барлығы араластыралады. 15 минуттың ішінде 1 формаовканы құямыз.

Кейін дайын болған қоспа арнайы камераға жөнелтіледі. Онда ол бір тәулік бойы тұрады. Содан соң кесіліп, 40-45 градустық температурада кептіріледі. Газобетон жасауға арналған құрылғыны серіктестіктегілер Ресейден алған. Оның құны 5 млн теңге. Айта кету керек, кәсіпорынды бизнесмен өз қаржысына ашыпты. Оған 17 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Келешекте кәсіпкердлің жоспарлары ауқымды.

Юрий Ткач- «ГК Мост» ЖШС директоры, Айыртау ауданы:

-Бұл біздің базамыз. Келешекте шыны-пластикалық арматура шығаруды жоспарлап отырмыз. Оны да мұнда дярламайды. Ол металл конструкция сынды мықты. Бірақ жеңіл. Көптеген жоспарлар бар. Сондықтан тек алға ұмтылатын боламыз.

Жалпы бүгіндері ауданда 680 бизнес субъектісі бар. Солардың 6-уы ағымдағы жылы ашылыпты.

Гүлмира Әбілқайырова- Айыртау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

-Жыл басынан ауданда «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында 5 жоба іске асырылды. Солардың бірі- «Сырымбет» кәсіпорыны. Олар инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттен 1 млрд 200 млн теңге демеуқаржы алды. Қалғандары қондырғыға, өндірісін кеңейтуге ақша алды. Ал индустрияландыру картасына ауданан 2 кәсіпорын еніп отыр. Ол «Углежок» және «Сырымбет» компаниясы.

Жалпы Астана күні қарсаңында ауданда 5 жаңа нысан қолданысқа беріледі.

 

Магжан Ахмадина