Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО француздық “Томатис” құрылғысы арқылы емдеу жүргізілмек

Елена Петрова – Елена Петрованың сөйлеуді дамыту орталының логопеді, нейродефектолог маманы:

-Құрылғы жан күйселісіне түскен жандарды емдеп жазуға көмектеседі. Аппарат арқылы науқас Моцорттың, Григорян әуендерін естиді. Осы сәтте адамның бойында тыныштық пайда болып, демалады. Сондай-ақ, бұл құрылғы аутизм, даун синдромына шалдыққан сырқаттарға да қолданылады.

Бұл құрылғы ауруға шалдыққан кішкентай балалардан бөлек, ересек адамдарға да әсер етеді. Әсіресе, инсульт алып төсек тартқан жандардың денсаулығын жақсартуға пайдасы мол. Аппарат арқылы ем жүргізсе науқастың сөйлеуі жақсарып, ойлау қабілеті дамиды.

Елена Петрова – Елена Петрованың сөйлеуді дамыту орталы логопеді, нейродефектолог маманы:

-Бұл қондырғыны қолданған сәтте науқастың миына бірден әсер етеді. Егерде емделуші ересек адам болса оның денсаулығын түрлі әуендер арқылы жақсартамыз. Сондай-ақ, Томатис құрылғысы арқылы сөйлеуі дамымаған, кекеш, есту қабілет нашар балаларғада ем жүргізіледі. Осы сәтте айтарым науқас міндетті түрде дәрігердің қарауынан өткені жөн. Кейін, онымен біздің мамандар кеңесіп ем жолдарын белгілейді.

Француз әдісі арқылы науқасқа ем көрсету оның денсаулық жағдайына байланысты түрлі сатыдан тұрады. Кішкентай жастағы балалар алғашқы кезеңдерде 15 күн 30 минуттан әуен тыңдайды. Ал, егде жастағы адамдар күніне 2 сағатқа дейін Томатис құрылғысының қызметіне жүгінеді.

Александр Сорокин – қала тұрғыны:

-Мен өзім жаңа ғана құрылғы арқылы әуен естідім. Шынымды айтсам жаным рахаттанып қалды. Музыканың кереметтігі сонша құлақтан бойды алады. Науқастарға бұл аппараттың көмегі болатындығына сенімім мол.

Бұған дейін елімізде Томатис құрылғысы арқылы науқастарды емдеу Алматы, Астана, Атырау қалаларында жүргізілген.

 

 

Култанов Байболат